Сирия мен Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін Иранда да 5,3 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмика орталығының ақпараты бойынша, зілзала ошағы 352 мың адам тұратын Бендер-Аббас қаласынан солтүстік-батысқа қарай 113 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі – 10 шақырым.
Қазір қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін Иранда жер сілкінісі тіркелген болатын. Табиғи апат салдарынан 300-ден астам адам зардап шеккені хабарланған. Бұдан бөлек, Түркияда қайталанған жер сілкінісінен 300-ге жуық адам жарақат алғаны анықталды. Жалпы Түркияның 10 өңірінде болған жер сілкінісінен 41 мыңнан аса адам көз жұмды.