Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Иранда полиция бөлімшесіне жасалған шабуыл кезінде үш адам қаза тапты

Кеше, 15:52
225
Бөлісу:
 Report
Фото: Report

Иранның Илам провинциясына қарасты Меликшах қаласында наразылық білдірушілер полиция бөлімшелерінің біріне шабуыл жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Report агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, қарулы қақтығыс болып, оның салдарынан үш адам қаза тапқан.

Mehr агенттігінің дерегінше, қаза болғандардың бірі — құқық қорғау органының қызметкері, екеуі — наразылыққа қатысушылар. Сонымен қатар тағы бірнеше адамның жарақат алғаны айтылды.

Бұған дейін жергілікті бірқатар БАҚ Ирандағы жалпыұлттық наразылықтар барысында үш адамның қаза тапқаны туралы хабарлаған еді.

Айта кетейік, Иранда соңғы бірнеше күн бойы инфляцияның өсуі мен ұлттық валютаның долларға шаққандағы рекордтық құнсыздануына байланысты соңғы үш жылдағы ең ауқымды наразылық акциялары өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы