Иранда күшті жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Исфахан облыстық Қызыл Жарты Ай қоғамының бас директоры "Тәуелсіз Иран" Telegram-арнасында мәлімдеген.
Белгілі болғандай, елдің Исфахан провинциясындағы Бадруд және Натанза аудандарында 5 баллдық жер сілкінісі тіркелді.
Оқиға орнына Қызыл Жарты Айдың үш тобы дереу жіберілді, - делінген хабарламада.
Әзірге қаза тапқандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ.