Иранда хиджаб кимеген әйелдерге білім берілмейді

3 Сәуір 2023, 16:17
1380
Бөлісу:
Иранда хиджаб кимеген әйелдерге білім берілмейді
Фото: © AP Photo / Ebrahim Noroozi

Иран университеттері хиджаб кимеген әйелдерге білім беруден бас тартпақ. Бұл туралы ISNA агенттігі хабарлады.

Студенттік парызын аяқсыз қалдырмай, хиджаб пен пәктік ережелерін ұстанатын құрметті студенттерге рахмет, - делінген хабарламада.

Министрліктің қарамағындағы бүкіл жоғары оқу орындары жабық киім үлгісін кимеген студент қыздарға білім бермейді және әлеуметтік кепілдікке алмайды.

Хиджаб - Ислам революциясынан төрт жыл өткен соң, 1983 жылы сәуірде Иран әйелдердері үшін міндетті болды. Бүгінгі таңда хиджаб кию елдегі нәзік мәселенің бірі.

Өзгелердің жаңалығы