Иран ядролық келісімнен бас тартты

6 Қаңтар 2020, 08:39
2480
Бөлісу:
Иран ядролық келісімнен бас тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ядролық келісімдер 2015 жылы жасалған болатын. 2018 жылдың мамырында Дональд Трамп бір жақты тәртіппен келісімнен шықты. Енді Иран билігі өз міндеттемелерінен бас тартатынын хабарлады. 

Иран бұдан әрі 2015 жылы жасалған ядролық келісімдерге сәйкес міндеттемелерін орындамайды. Бұл туралы Иранның мемлекеттік телеарналарында хабарланды.

АР таратқан ақпаратқа қарағанда, америкалық санкцияларға қарамастан, Иран Тегеранға шикізат күйіндегі мұнайды сыртқа сатудың жолын ұсына алмаған еуропалық әріптестерімен келіссөз жүргізуге дайын. 

Дональд Трамп 2018 жылдың мамырында келісімнен шыққан кезде Иран  ядролық қару дайындады. Енді Иранның бұл мәлімдемесі ядролық қаруды тарату туралы қауіп болуы әбден мүмкін.

Сонымен қатар Иранның келісімнен бас тарту туралы мәлімдемесі аймақтағы жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін. Себебі Иранның әуелден жауы болып келе жатқан Израиль Иранға атом бомбасын пайдалануға мүмкіндік бермейміз деп уәде еткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Иранның сыртқы істер министрі Джавад Зариф Twitter-дегі парақшасында "АҚШ-тың Батыс Азиядағы соңғы күндері басталды" деп жазғанын хабарлаған болатынбыз. 


Өзгелердің жаңалығы