Тегеран дағдарыстарды басқару ұйымының басшысы Али Насири мәлімдегендей, Иран астанасында тұрғындарды эвакуациялау үшін автотұрақтар мен 300-ден астам жерасты нысандары пайдаланылады. Баспана сыйымдылығы шамамен 2,5 миллион адамға жетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, 82 метро станциясы қазірдің өзінде баспана ретінде жабдықталған, жақын арада оларда ақпараттық көрсеткіштер мен нұсқаулық тақтайшалар орнатылады.
Қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін және рұқсат берілгеннен кейін, баспанаға шамамен 2,5 миллион адам орналастырылады, - деді Али Насири.
Еске сала кетейік, 2025 жылы АҚШ Ирандағы ядролық қондырғыларға операция жүргізгенін жариялаған, ал Иран СІМ келіссөздерге дайын екенін, бірақ бұл процесс қауіп-қатерсіз өтуі тиіс екенін атап өткен.