Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иран елінің Конституция кеңесінің қорғаушысы Ирана Аббас Али Кадходаи қара нәсілділердің өліміне қатысы бар АҚШ азаматтарына қатысты санкция жариялау туралы мәселе көтерді, деп жазды lenta.ru.
Саясаткер өзінің твиттердегі парақшасында Дональд Трамптың ирандық судьяларға қатысты санкция жариялағанын еске салды.
Ирандық сот жүйесі де қара нәсілді халықты аяусыз қинап, сотсыз жазалағандарға қатысты мұндай санкцияны енгізе ала ма? – деген ой тастады саясаткер.АҚШ-тың қаржы министрлігі Иран мен елдің судьялары Шираз Сейед Махмуда Садати және Мешхед Мохаммад Солтаниға қатысты санкциялар тізімін кеңейтін. Оған 2018 жылы ел билігіне қарсы шығып, митинг ұйымдастырған Навиду Афкариге өлім жазасын тағайындау себеп болған.
АҚШ-та бірнеше айдан бері рассизм мен қатігездікке қарсы митинг өтіп жатқанын естеріңізге сала кетейік.