Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Иран Қазақстан тарихына қатысты құнды ескі қолжазбаның көшірмесін табыстады

Бүгiн, 13:47
157
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Қазақстан мен Иран басшылары мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандыру мәселесін де қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Иранның мұрағаттарында қазақ тарихына қатысты көптеген жәдігер сақталған. Ғалымдарымыз әл-Фараби мұрасын бірлесе зерттеуді қолға алды. Қазақ жерінде ұлы ойшылға арналған тарихи-мәдени кешен салу мәселесі қарастырылып жатыр. Сонымен қатар бүгін Иран делегациясы Қазақстан тарихына қатысты бірқатар құнды ескі қолжазбаның көшірмесін ала келді. Сол үшін Сізге зор ризашылығымды білдіремін. Бұл қадам қос халықтың тарихи байланысының терең екенін дәлелдей түседі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тараптар екі елдің рухани құндылықтарын кеңінен таныстыру үшін алдағы жылдары Мәдениет күндерін өткізу, жоғары оқу орындары арасында студент алмасуды жандандыру, медициналық ұйымдар мен фармацевтикалық өндіріс орындары арасында серіктестік орнату жөнінде уағдаласты.

Өзгелердің жаңалығы