Иран президенті соғысты тоқтатудың шарттарын жариялады

Пезешкианның айтуынша, соғысты тоқтатудың басты жолы – Иранның заңды құқықтарын мойындау.

 depositphotos.com / thenews2.com фотосуреті Кеше 2026, 02:35
Кеше 2026, 02:35
792
Фото: depositphotos.com / thenews2.com фотосуреті

Иран президенті Масуд Пезешкиан АҚШ пен Израильмен қақтығысты аяқтаудың негізгі шарттарын жариялады. Бұл туралы ол 11 наурыз күні X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Пезешкианның айтуынша, соғысты тоқтатудың басты жолы – Иранның заңды құқықтарын мойындау, өтемақы төлеу және болашақтағы шабуылдардың алдын алатын халықаралық қауіпсіздік кепілдіктерін беру.

Ресей мен Пәкістан көшбасшыларымен сөйлесу барысында мен Иранның аймақта бейбітшілік орнатуға дайын екенін тағы да растадым. Сионистік режим мен АҚШ бастаған бұл соғысты тоқтатудың жалғыз жолы – Иранның заңды құқықтарын мойындау, репарация төлеу және болашақ агрессияға қарсы нақты халықаралық кепілдіктер беру, – деді ол.

Бұған дейін Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операция жақын арада аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеген. Оның айтуынша, "соққы беретін нысандар іс жүзінде қалмаған".

Сонымен қатар Ақ үй басшысы сұхбатында соғыс «өте жақсы жүріп жатқанын» айтып, АҚШ жоспарланған мерзімнен жылдам әрекет етіп жатқанын атап өтті. Трамптың пікірінше, Тегеранның қарсы әрекеттері тек Израиль мен АҚШ-қа ғана емес, сонымен бірге Парсы шығанағындағы елдерге де бағытталған.

Наверх