Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иран президенті Хасан Рухани Сауд Арабиясы өкілінің дрондардағы жазбалар туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады 24.kz.
Оның айтуынша, ресми Эр-Риядтың мұнай зауыттарын шабуылдауға қолданылған қаруға қарап, Тегеранды айыптауы қателік. Себебі Йеменде де шииттер тұрады.Айта кетейік, бірер апта бұрын Сауд Арабиясының 2 мұнай зауытына дрондармен шабуыл жасалды. Көп ұзамай корольдіктің Қорғаныс министрлігі олардың қаңқаларын көрсетіп, "Дрондардағы жазба Ирандікі екенін көрсетеді" деген болатын.