Иран өзін қорғау үшін барлық шараны қолданатынын мәлімдеді

Маджид Тахт-Раванчи АҚШ-ты Иранға шабуыл жасады деп айыптады.

 freepik Бүгiн 2026, 02:13
Бүгiн 2026, 02:13
106
Фото: freepik

Иранның Сыртқы істер министрінің орынбасары Маджид Тахт-Раванчи дипломатиялық келіссөздер сәтті өткеніне қарамастан, АҚШ-ты Иранға шабуыл жасады деп айыптады. Бұл туралы ол CNN телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біз Оманның Сыртқы істер министрінің делдалдығымен әріптестерімізбен байыпты келіссөздер жүргіздік. Кездесу соңында барлық тараптар риза болды, – деді министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, тараптар дүйсенбіде Венаға техникалық топтар жіберіп, содан кейін осы аптаның соңында қайта кездесу өткізуді жоспарлаған. Тахт-Раванчи АҚШ пен Израильдің Иранға бірлескен шабуылын сынға алып, "Олар мұны қалай ақтай алады?" деп сұрақ қойды.

Сонымен қатар, министрдің орынбасары Иран өзін қорғау үшін барлық қажетті шараларды қолданатынын атап өтті.

Агрессия жалғасып жатқан жағдайда біз өзін-өзі қорғау режимінде әрекет етеміз және тиісті шараларды қабылдаймыз. Біз егемендігімізді және халқымызды қорғау үшін қажет нәрсенің бәрін жасаймыз, – деді ол.

Наверх