Иран Ормуз бұғазында мұнай танкеріне дронмен шабуыл жасады

Ормуз бұғазында Prima атауымен жүрген мұнай танкеріне дрон арқылы шабуыл жасалды.

 Report Бүгiн 2026, 15:33
Бүгiн 2026, 15:33
184
Фото: Report

Иран Ормуз бұғазында "Prima" атты мұнай танкеріне дронмен соққы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

 Бұл туралы Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) Telegram-арнасында жарияланған хабарламада айтылған.

КСИР мәліметінше, танкер Ормуз бұғазында қозғалысқа тыйым салынғаны және қауіпті аймақ екені жөніндегі әскери-теңіз күштерінің бірнеше ескертуін елемеген соң дронмен шабуылға ұшыраған.

Бүгін таңертең Prima атауымен жүрген мұнай танкері КСИР әскери-теңіз күштерінің Ормуз бұғазындағы қозғалысқа тыйым салу және қауіп туралы бірнеше мәрте жасаған ескертуін елемегеннен кейін дронмен шабуылға ұшырады, – делінген мәлімдемеде.

Еске салайық, бұған дейін Иран астанасы Тегерандағы әуежай өртенгені туралы жаздық.
Наверх