Иран Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады

Иран Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кеңсесіне соққы жасалғанын мәлімдеді.

 apa.az Бүгiн 2026, 15:09
Бүгiн 2026, 15:09
250
Фото: apa.az

Иран Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кеңсесіне соққы жасалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) хабарлады, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

ИРСК таратқан мәліметке сәйкес, нысана ретінде Израиль үкіметі басшысының кеңсесі таңдалған. Алайда шабуылдың салдары, зардап шеккендер бар-жоғы және ғимаратқа келген нақты залал туралы ақпарат нақтыланбады.

Иран қарулы күштері оныншы шабуыл толқыны аясында “Хайбар” зымырандарымен нысаналы әрі күтпеген соққылар жасап, Израиль премьер-министрінің кеңсесі мен ел Әуе күштері қолбасшысының штабына шабуыл жасады және оларға елеулі зақым келтірді, – делінген ИРСК мәлімдемесінде.

Израиль тарапы әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Наверх