Иран мен Пәкістан шекарасында ел аумағына заңсыз кірмек болған "лаңкестер" мен шекарашылар арасында қақтығыс тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Иранның жартылай ресми Mehr ақпарат агенттігінің мәліметінше, бұл туралы Систан–Белуджистан провинциясындағы шекара әскерлерінің қолбасшысы Риза Шекаи мәлімдеген.
Шекаидің айтуынша, Иран мен Пәкістан шекарасындағы Систан–Белуджистан провинциясына қарасты Сераван қаласы маңында Иран аумағына өтпек болған "лаңкестер" мен шекара қызметі арасында қарулы қақтығыс болған.
Оның сөзінше, қақтығыс барысында лаңңестерауыр шығынға ұшырап, көп мөлшерде қару-жарақты тастап кеткен.
Оқиға орнын тексеру кезінде 4 Калашников автоматы, 1 тапанша, SPG-9 үшін 10 оқ-дәрі, 2 граната, RPG-7 үшін 3 оқ-дәрі, «Дошка» пулеметіне арналған 240 патрон, снайперлік қаруға арналған 20 патрон, «Гренов» пулеметіне арналған 232 патрон, Калашников автоматына арналған 132 патрон, Калашников автоматына арналған 10 оқсауыт және 1 тапанша оқсауыт табылған.
Иран билігі террористік ұйым деп таныған «Джейшул Адл» тобы өзін «Белуджистандағы суннит халқының құқықтарын қорғаушы» деп атап, елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде Тегеран үкіметіне қарсы қарулы күрес жүргізіп келеді.