Бұл туралы СІМ өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік органдардың және шетелдік серіктестердің қолдауымен Иран мен Израильден Қазақстан азаматтарын эвакуациялаудың кезекті кезеңін аяқтады. Жалпы, Ираннан 233 Қазақстан азаматы, ал Израильден 103 отандасымыз шығарылды, - деді Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, аймақтағы елшіліктер тәулік бойы жағдайды бақылауда ұстап, азаматтарға консулдық көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.
Еске салайық, 2025 жылдың көктемінде Израиль мен Иран арасындағы қақтығыстың ушығуы салдарынан инфрақұрылым қатты зақымдалып, Израиль экономикасына 3 миллиард доллар көлемінде шығын келген болатын.