Иран мен АҚШ арасындағы күрделі келіссөздердің келесі раундтары Женева мен Оманда өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, келіссөздердің бірінші кезеңі алдағы аптада Швейцарияның Женева қаласында өтсе, келесі аптасында Оман мемлекетінде жоғары деңгейдегі дипломатиялық кездесу жоспарланған.
Келіссөздердің басты тақырыбы – Ирандағы жоғары байытылған уран қоры және АҚШ-тың санкцияларды қайта енгізу тәуекелдеріне қарсы кепілдіктер беру мәселесі. Бұл тараптар арасында ең көп талқыланып жатқан және шешімі қиын түйіндердің бірі.
Бұған дейін Иран Сыртқы істер министрлігі 23 сәуірде сарапшылық деңгейдегі кездесу өтетінін мәлімдеген болатын. Бұл кездесу делдал елдердің қатысуымен өтеді деп жоспарланып отыр.