Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Иран Израильге қарай жүзден астам баллистикалық зымыран ұшырды

13 Маусым 2025, 23:52
561
Бөлісу:
 REUTERS/Raneen Sawafta
Фото: REUTERS/Raneen Sawafta

Иран Израильге жүзден астам баллистикалық зымыран ұшырды. Бұл туралы BBC тікелей эфирінде көрсетілген Израиль армиясының (IDF) брифингінде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Брифинг барысында Израиль армиясының өкілі елдің қорғанысқа толық қабілетті екенін мәлімдеді. Алайда ғимаратта әуе шабуылы дабылы қосылып, ол мәлімдемесін тоқтатуға мәжбүр болды.

Израиль азаматтарына дереу баспанаға жасырыну және одан әрі нұсқауларға дейін қауіпсіз жерлерде қалу тапсырылды. Бұған дейін Израиль Қорғаныс Армиясы Иран аумағынан ұшырылған зымырандарды тіркеген болатын. Шабуылдан кейін Тель-Авив пен басқа да бірқатар қалаларда әуе дабылы сиреналары естілді.

Иранның Жоғарғы басшысы аятолла Али Хаменеи бұл шабуылды “сионистік режимнің қылмыстары үшін әділ жаза” деп атады. Ол Иран халқының Израильге ешқандай жеңілдік жасамайтынына сенімді екенін атап өтті. Бұған дейін Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының (КСИР) жаңа қолбасшысы Израильге “тозақ қақпасын ашуға” уәде берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы