Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. IRIB хабар тарату корпорациясы Иранда «Иран Баракят» препаратымен вакцинация басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды RT.
«Иран Баракят» вакцинасы – коронавирусқа қарсы Иранның өз өнімі.
Вакцинация елдің шығысында орналасқан Мешхед қаласында басталған. Жақында олар провинцияның басқа әкімшілік орталықтарында осы препаратпен егуді бастайтыны нақтыланды.