Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстан рейстердің бағыттарын өзгертті

Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Air Astana әуе компаниясы Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты бірқатар тұрақты және чартерлік рейстердің бағыттары өзгертілгенін хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Тасымалдаушының мәліметінше, Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Медина қалаларына бағытталған рейстер Иран әуе кеңістігін айналып өту арқылы орындалады.

Әуе компаниясы жағдайдың дамуын мұқият бақылап отырғанын және қажет болған жағдайда ұшу кестесіне жедел түрде түзетулер енгізілетінін атап өтті.

Жолаушылардан рейстердің мәртебесін алдын ала тексеру сұралады, себебі ұшып шығу және келу уақыттарында өзгерістер болуы мүмкін.

Сондай-ақ Air Astana өкілдері жолаушыларға компанияның ресми ақпарат көздеріндегі жаңартуларды қадағалап, сапарды жоспарлау кезінде ықтимал кідірістерді ескеруге кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы