Иранның мемлекеттік IRNA агенттігінің 6 сәуір, дүйсенбі кешіндегі ақпараты бойынша, Тегеран бұл құжатты келіссөздерде делдал болып отырған Пәкістанға жолдаған, деп хабарлайды BAQ.KZ РБК-ға сілтеме жасап.
Агенттік мәліметінше, Иран жауабы он тармақтан тұрады. Олардың ішінде аймақтағы соғысты тоқтату қажеттілігі, Ормуз бұғазы арқылы кемелердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету хаттамасы, сондай-ақ санкцияларды алып тастау және елді қалпына келтіру туралы талаптар бар.
Біз тек соғыс толық аяқталып, бізге қайта шабуыл жасалмайтынына кепілдік берілген жағдайда ғана келісеміз, – деді Иранның Мысырдағы дипломатиялық миссиясының басшысы Моджтаба Фердуси Пур.
Reuters агенттігінің дереккөзі хабарлағандай, 6 сәуірде АҚШ пен Иран Пәкістан дайындаған атысты тоқтату жоспарын алған. Құжатқа сәйкес, тараптар келісімге келген жағдайда бітім бірден күшіне еніп, Ормуз бұғазын ашуға мүмкіндік берер еді.
CNN мәліметінше, Тегеран америкалықтардың Харк аралына ықтимал десантына дайындықты бастап кеткен. Иран көпдеңгейлі қорғаныс жүйесін құрған, оған миналы бөгеттер мен түрлі "тұзақтар" кіреді.
АҚШ президенті Дональд Трамп 6 сәуірде Иран үкіметіне қатты наразы екенін айтып, оның "бұл үшін жоғары баға төлейтінін" мәлімдеді. Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын ашу жөніндегі талабына берілген мерзім 7 сәуірге қараған түні аяқталатынын еске салды.
Тегеран бұған дейін АҚШ-пен өткен келіссөздер тәжірибесіне байланысты уақытша бітімге мүдделі емес екенін түсіндірген. IRNA агенттігінің жазуынша, бітім туралы ұсыныс АҚШ әскерінің Иран аумағына қону әрекеті "сәтсіз аяқталғаннан" кейін жасалған.