Пәкістан бастаған өңірлік делдалдардың қатысуымен өткен АҚШ пен Иран арасындағы бітім келіссөздерінің ағымдағы раунды кілтке тірелді. Бұл туралы The Wall Street Journal газеті делдалдарға сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Басылымның мәліметінше, Тегеран Исламабадтағы американдық ресми өкілдермен кездесуден бас тартқан және Вашингтонның талаптарын қабылдауға болмайтын деп бағалаған. Сол уақытта Түркия мен Мысыр келіссөздерді жаңа жолға қою үшін әлі де ізденістерін жалғастырып, Доха мен Стамбул сияқты жаңа алаңдарды қарастыруда.
Еске салсақ, бұған дейін Иран соғыс тоқтатылуы үшін АҚШ-тан өтемақы төлеуді, Батыс Азиядағы әскери базалардан әскерлерді шығартуды және жаңа әскери шабуылдардан бас тарту кепілдігін талап еткен болатын.