Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Иран АҚШ санкцияларының өз мүдделерін қорғауға кедергі болмайтынын мәлімдеді

24 Қараша 2025, 02:34
520
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Багай АҚШ санкциялары Иранның ұлттық мүдделерін қорғауға деген шешіміне әсер етпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ IRNA агенттігіне сілтеме жасап.

Санкциялар бізге зиян тигізуі мүмкін, бірақ ешқашан құқықтарымыз бен мүдделерімізді қорғау ниетімізді бұза алмайды, - деді Исмаил Багай.

Дипломаттың айтуынша, АҚШ тарапынан келетін жаңа шектеулер әлемдегі басқа мемлекеттерге де бағытталған жалпы қысымның бір бөлігі болып табылады. Бұл мәлімдеме Вашингтонның Ресеймен ынтымақтастықта болған мемлекеттерге санкция енгізу жоспарына сәйкес жасалды.

Өзгелердің жаңалығы