Иран АҚШ-пен тез келісім жасауға дайын екенін мәлімдеді

Иран мен АҚШ арасындағы жанама келіссөздердің алдыңғы раунды 17 ақпанда Женевада өткен болатын.

 freepik Бүгiн 2026, 00:30
Бүгiн 2026, 00:30
184
Фото: freepik

Иран СІМ орынбасары Маджид Тахт-Раванчи АҚШ-пен қысқа мерзімде келісім жасау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ол Женевадағы алдағы келіссөздерге ізгі ниетпен қатысатынын және мәміле барлық тараптың саяси еркі болса, тез жүзеге асырылуы мүмкін екенін айтты.

Тахт-Раванчи өткен бейсенбіде Швейцарияда ядролық бағдарлама бойынша консультациялардың жаңа раунды алдында Иран делегациясының сындарлы көзқарасын атап өтті.

Біз Женевадағы кездесуге барлық шынайылықпен және ізгі ниетпен кіреміз, – деді ол.

Еске салсақ, Иран мен АҚШ арасындағы жанама келіссөздердің алдыңғы раунды 17 ақпанда Женевада өткен болатын. Алғашқы келіссөздерде екі тарап өзара түсіністікке келуге тырысқанымен, Тегеран кейбір позицияларды әлі мойындауға дайын емес. АҚШ пен Израиль Ираннан ядролық бағдарлама мен баллистикалық зымырандарды дамытудан, сондай-ақ Таяу Шығыстағы ираншыл күштерді қолдаудан бас тартуды талап етуде.

Наверх