Иран АҚШ пен Израильді азаматтық нысандарға соққы жасағаны үшін айыптады

Арагчи елдің халқын қорғауды одан әрі шешімді түрде жалғастыратынын айтты.

 REUTERS / Majid Asgaripour Бүгiн 2026, 03:40
Бүгiн 2026, 03:40
167
Фото: REUTERS / Majid Asgaripour

Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи АҚШ пен Израильді мектептер, ауруханалар, тарихи және мәдени ғимараттар, тұрғын аудандар сияқты азаматтық нысандарға «заңсыз шабуылдарды жалғастырып отырғаны» үшін айыптады, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Арагчи елдің халқын қорғауды одан әрі шешімді түрде жалғастыратынын айтты.

Сонымен қатар, IRNA агенттігінің хабарлауынша, Арагчи Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесіп, әскери қақтығысты талқылаған.

Министрдің пікірінше, Ормуз проливіндегі тұрақсыздық АҚШ пен Израильдің әскери әрекеттерінің салдары болып табылады және Ирандың кемелердің проливтен өтуіне тосқауыл қоюға заңды құқығы бар.

Наверх