Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иран жоғарғы көшбасшысының бас әскери кеңесшісі Хусейн Дехган CNN арнасына сұхбат бергенде генерал Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алу үшін Иран америкалық әскери нысандарға шабуыл жасайтынын айтты.
Сонымен қатар, Хусейн Дехган АҚШ президенті Дональд Трамптың Twitter-дегі парақшасында жазған Иранның 52 нысанына "жылдам және ауыр соққы" беретіні туралы қаупіне қатысты пікір білдірді. Трамп мұны Иран америкалықтарға шабуыл жасаса, осындай шара қолданатынын айтып жазған болатын.Жауап қарулы күштер арқылы болады және әскери нысандарға қарсы бағытталады. Сізге бір нәрсе айтуға рұқсат етіңіз: еліміздің басшылығы біз ешқашан соғысуды қаламағанымызды және қаламайтынымызды ресми түрде мәлімдеді. Американың өзі соғыс бастады. Сондықтан ол өз іс-әрекеті үшін тиісті жауабын алу керек. Соғыстың бұл кезеңін тоқтатудың бірден бір жолы: Америка өзі жасаған соққыға тең келетіндей соққы алу керек. Содан кейін ол тағы шиелінісуге тырыспауы керек, - деп келтірді ИноТВ кеңесшінің сөзін.
Хусейн Дехган егер мұндай жағдай болып қалса, онда мұны әскери қылмыс деп есептейтінін және Иран өзін шектеуді доғарып, тікелей әскери қақтығыс бастайтынын мәлімдеді.
5 қаңтарда Иран ядролық келісімнен бас тартты.
Айта кетейік, 3 қаңтарға қараған түні Ирак астанасы Бағдаттағы халықаралық әуежай маңында бірнеше жарылыс болды.
АҚШ билігі жарылыс болған жердегі Иранмен байланысы бар екі нысанның соққысына қатысы бар екенін хабарлады.
АҚШ қарулы күштері Ирактағы Иран генералының өлімінен кейін әскерін толық дайындап қойды. АҚШ соққысының салдарынан қайтыс болған ирандық генерал Касем Сулейманидің өлімінен кейін мұнай бағасы 2% қымбаттады.
Әлемдік БАҚ ирандық генерал Касим Сулейманиді жою туралы бұйрықты АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі берді деген ақпарат таратты.
Иран Ислам революциясы күзет корпусының "Кудс" арнайы бөлімшесі басшысы Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алатынын хабарлады.