Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күрдістан автономды аймағының орталығы Эрбиль қаласындағы дипломатиялық ғимаратқа Иран аумағынан бірнеше зымыран атылған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жергілікті ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 3 жарылыс болған, қалада дабыл іске қосылды. Шабуылға байланысты аймақта әуе қатынасы тоқтатылды. Билік зымыран атқылауынан ешкім зардап шекпегенін айтады.
АҚШ елшілігі әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.