Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Иракта ДАИШ-ке қаур жеткізетіндер ұсталды

8 Наурыз 2019, 13:46
2202
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. Ирактың әскери барлаушылары елдің солтүстігінде ДИАШ (Қазақстанда тиым салынған) лаңкестік тобына басты қару жеткізушіні ұстағандарын мәлімдеді.

Ирактың әскери барлаушыларының мәліметінше, ұсталған ең басты қару саудалаушысы болып табылады әрі ДАИШ-ті қарумен қамтамасыз етіп отырған. Сондай-ақ ол 2014 жылы Спайкер әуебазасында болған шайқасқа қатысқан ең қауіпті лаңкестің бірі. Ол кезде 1,7 мың кадет содырлардың құрбаны болған. 

БҰҰ ақпан айының басында ДАИШ-тің бюджеті 50 ден 300 млн долларға дейін болуы мүмкін деп хабарлаған. Ирак пен Сириядағы ДАИШ қатарында 14-18 мың содыр бар, олардың 3 мыңын шетелдіктер құрайды.
Өзгелердің жаңалығы