Ипотекалық секьюритилендіру мәмілесі осы нарықты дамытудың тиімді тәсілі болмақ

21 Қыркүйек 2020, 12:17
1545
Бөлісу:
Ипотекалық секьюритилендіру мәмілесі осы нарықты дамытудың тиімді тәсілі болмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов ипотекалық секьюритилендіру бойынша дебюттік мәмілеге арналған онлайн конференция барысында айтты.

Бүгін «Tengri Partners Investment Banking» ұйымымен бірлесіп аталмыш келісімнің құрылымы мен артықшылықтары туралы баяндамақ ниеттеміз. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанның ипотекалық нарығы соңғы жылдары серпінді дамып келеді және дағдарысқа дейінгі көлемдерден 2,5 есе асты. Сонымен бірге, экономиканы дамытудың жалпы қарқынын назарға ала отырып, берілген ипотекалық қарыздар көлемінің ЖІӨ-ге қатынасы бұрынғысынша төмен деңгейде екенін және 3,5%-ды құрайтынын атап өту қажет. АҚШ-та бұл көрсеткіш 56%, ал көршілес Ресейде шамамен 7% құрайды. Сондай-ақ, Қазақстандық ипотека нарығының маңызды ерекшелігі - оның мемлекеттік бағдарламаларға жоғары шоғырлануы және нарықтық ипотеканың елеусіз дамуы. Осылайша, 2019 жылы коммерциялық банктер небәрі 62 млрд теңге меншікті ипотекалық қарыз берді. Бұл ипотекаға банктерден бөлек, ипотекалық ұйымдардың да қатысы бар. Мысалы, біздің компаниямыз («Қазақстан Ипотекалық Компаниясы») және «7-20-25» және «Баспана-Хит» бағдарламаларының операторы саналатын ҚР Ұлттық банкінің еншілес ұйымы «Қазақстандық тұрақтылық қоры» АҚ, - деді ол. 

Әділ Мұхамеджановтың айтуынша, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясының» нарықта жүргеніне жиырма жылдан асқан. Осы мерзім аралығында екінші деңгейлі банктерден 66 мыңнан астам ипотекалық займ алған және дербес түрде 35 млрд теңгеден астам сомаға 2858-ден астам қарыз берді.

Бұрын ипотекалық займдар сатылымы қамтамасыз етілмеген қарыз есебінен қаржыландырылатын және оны өтеу компанияның жалпы ағына есебінен жүзеге асырылатын. Ипотекалық займдарды сатуға қатысты банк тарапынан ұсынылған шектеулі ұсыным серіктес банктер арқылы жеке нарықтық бағдарлама құру туралы шешімнің пайда болуына әсер етті. Өкінішке қарай, әлемдік тәжірибеде кеңінен тараған ипотекалық несиелендіру шарасы институционалдық инвесторлардың бірнеше жылға арналған құралдары елімізде әлі жоқ. Дәл осы институционалдық инвесторларды тарту мақсатында секьюритилендіру бойынша мәміле жасалды. Бұл ипотекалық нарықты дамытудың тиімді тәсілі болмақ және соның арқасында ұлттық экономика халық үшін несиелердің қолжетімділігін арттыруға, бюджетке қосымша жүктемесіз ипотека беру көлемін ұлғайтуға, екінші деңгейдегі банктер үшін пайыздық және реттеушілік тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік алады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы