Қазақстанның соңғы жаңалықтары

iPhone авторы қолданушыларынан кешірім сұрады

8 Қазан 2025, 21:17
550
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Apple компаниясының бұрынғы бас дизайнері Джонни Айв iPhone құрылғысының адамдарды гаджеттерге тәуелді еткенін мойындап, қолданушыларынан кешірім сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі PCMag басылымына сілтеме жасап. 

OpenAI компаниясының әзірлеушілер конференциясында сөйлеген Джонни Айв (қазір ол осы компаниямен бірге жасанды интеллект негізінде жаңа құрылғы жасап жатыр) адамзат пен технология арасындағы қарым-қатынас күрделеніп кеткенін атап өтті.

iPhone авторы қолданушыларынан кешірім сұрады
Фото: Christoph Dernbach / dpa / Globallookpress.com

Кешіріңіздер, сіздердің барлығыңыз телефонға тым тәуелді болып қалдыңыздар, – деді Айв, iPhone, Mac, iPad және басқа да Apple өнімдерінің негізін қалаушылардың бірі ретінде танылған дизайнер. 

Ол компанияда 1992 жылдан 2019 жылға дейін жұмыс істеген.

Кәсіпкердің айтуынша, ол қазіргі уақытта смартфоннан да тиімді жаңа құрылғы жасау үстінде.

Адам мен технология арасындағы қарым-қатынас қиын десем, бұл тым жұмсақ айтылған сөз болады, – деді ол. 

Айвтың мақсаты – пайдаланушыны өзіне тәуелді етпейтін, тек қажет кезде жұмыс істейтін қарапайым әрі ыңғайлы құрылғы жасау.

Apple компаниясының бұрынғы бас дизайнері әрі Стив Джобстың серіктесі Джонни Айв жасанды интеллектке негізделген жаңа құрылғы адамдардың өмірін жеңілдетіп, оларды бақыттырақ әрі қанағаттырақ етеді деп сенеді. Алайда ол құрылғының нақты қандай болатынын және қашан шығатынын жариялаған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы