Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасы Иорданияда қолданылатын болды.
Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Сәрсенбіде азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектер сапасын бақылайтын ұйым шұғыл түрде коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасының елде қолданылуына рұқсат берді, - делінген Иорданияда дәрі-дәрмектердің қолданылуына жауапты реттеуші органның хабарламасында.Еске салсақ, ресейлік вакцина әлемнің 40-тан астам елінде мақұлданды. Бұған дейін аталған вакцинаның Солтүстік Македонияда қолданылатыны анықталды.