Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі инвесторлар үшін «бір терезе» қызметінің жұмысына өзгерістер енгізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінне хабарлады.
Сонымен қатар, ҚР Үкіметі инвестиция тарту және инвесторлармен ОМО және ЖАО тарапынан әріптестікті орынату тәртіптерін бекітті. Жаңа ережелерге сәйкес, инвесторларға қызмет көрсету үшін үш деңгейлі жүйе құрылды.
Құжатқа сәйкес инвесторлар үшін бас оператор ретінде KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы бекітілді. Қомпанияға бұл салада бірқатар міндеттер жүктелді, оның ішінде, еліміздің инвестициялық әлеуеті туралы таныстырылым жасау және консультацияларды өткізу, мемлекеттік қызметтерді және басқа мемлекеттік ұйымдармен берілетін қызмет түрлерін алу кезінде инвесторлармен «бір терезе» қағидаты бойынша әрекеттесу және т.б.
«Қызмет көрсету бойынша сыртқы деңгей ретінде Қазақстанның шетелдегі ұйымдары және елімдің инвестициялық саясатты іске асыруға жауапты шетелдік өкілеттіктер бекітілді. Аймақтық деңгейде инвесторларға қызмет көрсету үшін арнайы мамандандырылған фрон-офистерді құру жоспарланып отыр. Аталған мекемеде жергілікті атқарушы органдардың, ХҚКО-ның, «Атамакен» РКП-ның, «Даму» КДҚ-ның, әлеуметтік-кәсупкерлік корпорацияларының қызметкерлері және көші-қон, кедең, салық органдарының өкілдері, сондай-ақ монополисттер, нотариустар және аудармашылар жұмыс істейді», - делінген хабарламада.
Мамандардың айтуынша, бұл өзгерістерді қабылдау «бір терезе» қызметің ұйымдастыруды үйлестіріп және инвесторлар үшін мемлекеттік және тағы басқа қызмет түрлерін алуды жеңілдетеді. Өз кезегінде бұл еліміздің тартымдылығын және инвестициялық әлеуетінің деңгейін аттыруға мүмкіндік береді.