Инвестиция және сауда: Қазақстан мен Ресей байланысы тереңдей түспек

Бүгiн, 11:48
238
Бөлісу:
Инвестиция және сауда: Қазақстан мен Ресей байланысы тереңдей түспек
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Ресей – Қазақстанның негізгі сауда серіктесінің бірі. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесуде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бектенов 2023 жылы екі ел арасындағы сауда көлемі өсіп, 27,1 миллиард долларға жеткен айтады.

Өткен жылдың 11 айында да өзара сауда оң нәтиже көрсетіп, 24,2 миллиард долларға артты. Бұл оң динамиканы одан әрі қолдау біз үшін маңызды. Өзара инвестиция көлемі де тұрақты түрде артып келеді. Соңғы 20 жылда ресейлік инвесторлар Қазақстанға 25,2 миллиард доллар тікелей инвестиция салды, ал осы кезеңде қазақстандық компаниялар Ресей экономикасына 8,7 миллиард доллар құйды. Өткен жылдың 9 айында Ресейден келетін жалпы инвестиция көлемі 43,7%-ға өсіп, 2,8 миллиард долларға жетті, – дейді Премьер-министр.

Инвестиция және сауда: Қазақстан мен Ресей байланысы тереңдей түспек

Қазақстанда ресейлік 23 мыңнан астам компания жұмыс істейді, бұл – шетелдік капиталмен жұмыс істейтін кәсіпорындардың жалпы санының 40%.

Инвестиция және сауда: Қазақстан мен Ресей байланысы тереңдей түспек

Жалпы біз жаңа өндірістер құруға мүдделіміз. Ресейлік компанияларды Қазақстанда бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырамыз. Екіжақты ынтымақтастық және сауда айналымын арттыру мәселелерін шешуде Үкіметаралық ынтымақтастық комиссиясына ерекше рөл беріледі. Сондай-ақ 2021-2025 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Кешенді бағдарламаны іске асырудың оң нәтижелерін көріп отырмыз. Осыған байланысты, тиісті мемлекеттік органдарымыздың келесі жылдарға арналған жаңартылған бағдарламаны әзірлеуге кірісуі орынды деп санаймыз, – деді Олжас Абайұлы.

Инвестиция және сауда: Қазақстан мен Ресей байланысы тереңдей түспек
Өзгелердің жаңалығы