"Интернетте тараған ақпарат ақиқат емес". Бозымбаев қара жәшік жөнінде айтты

Кеше, 15:18
224
Бөлісу:
"Интернетте тараған ақпарат ақиқат емес". Бозымбаев қара жәшік жөнінде айтты
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты жалған ақпарат тарағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бозымбаев желіде тарап кеткен қара жәшікте айтылған сөздерді тыңдап шыққан. Ол бұл ақпарат тергеу тобынан тарап кетпегенін айтады.

Мен бұл жазбалармен танысып шықтым. Жарияланған мәліметте экипаж мүшелерінің сөйлескені естілмейді. Біз мұны қара жәшіктердегі жазбалардың жариялануы деп қарастырып отырған жоқпыз. Интернетте белгілі бір мәліметтің шыққаны оның ақиқат екенін білдірмейді. Қара жәшіктердегі деректердің мазмұнынан айтарлықтай айырмашылық бар, - дейді Бозымбаев Үкіметте өткен брифингте.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтау түбіндегі ұшақ апатының алдын ала себептері келесі аптада айтылатынын жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ, бүгінгі Үкімет отырысында Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен және қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қанша төлемақы берілетіні белгіді болды.

Өзгелердің жаңалығы