Интернет сапасы 40 Mbps жылдамдықпен ұшып тұр - министр

1 Қаңтар 2021, 16:49
1664
Бөлісу:
Интернет сапасы 40 Mbps жылдамдықпен ұшып тұр - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 2020 жылдың соңғы іссапарын Бірсуат ауылында өткізді. 

Министр ауылға қандай мақсатпен барғанын Facebook-тегі жеке парақшасына жазды.

250 шақты адам тұратын ауылдарға Интернет жеткізу бағдарламасы бойынша жүргізілген жұмысты өз көзіммен көріп қайтайын деп, биылғы жылдағы соңғы іссапарымды Нұр-Сұлтаннан 250 шақырымдағы Бірсуат атты ауылында өткіздім. Бұл ауылда 400-ден астам адам тұрады, мектеп те бар. Ұялы интернет осы жылда пайда болып, енді ауыл тұрғындары 4G арқылы жан-жақтағы ағайын-туыстарын видеобайланыспен құттықтай алатынына ризамын, - деп жазды ол. 

Министрдің айтуынша, Bailanys. Bar арқылы тексерілген интернет сапасы 40 Mbps жылдамдығымен ұшып тұр.

Осындай жылдамдықты бүкіл жерде жүргізу үшін байланыс операторларымен бірге әлі талай жұмысымыз бар. Бірақ нәтижелеріміз әрине көрініп тұр. Пандемия мен аязға қарамастан жұмысты жалғастырып жатқан барлық құрылысшыларға және инженерлерге алғыс айтамын! - деп түйіндеді Мусин өз сөзін.

Өзгелердің жаңалығы