Интернет-алаяқтықты тергеу 30 күннен 5 күнге дейін қысқартылды

17 Шілде 2023, 12:05
1008
Бөлісу:
Интернет-алаяқтықты тергеу 30 күннен 5 күнге дейін қысқартылды
Фото: BAQ.KZ - архив

Елімізде интернет-алаяқтықты тергеуге кететін уақыт 20-30 күннен 3-5 күнге дейін қысқартылды. Бұл туралы ІІМ онлайн-брифингінде ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Полицияның мәлімдеуінше, биылдың 6 айының қорытындысы бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде интернет-алаяқтықтарды тіркеудің 1,5%-ға төмендеуі байқалады.

Жалған нөмірлерден жасалатын интернет-алаяқтық 34%-ға төмендеді. Сонымен қатар биыл министрлік киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған ведомстволық бағдарламаны іске асыруға кірісті, - деді Жандос Сүйінбай.

Осы бағдарлама шеңберінде бар проблемаларға жан-жақты талдау жүргізіліп, бірқатар ұйымдастырушылық-практикалық шара қабылданып жатыр. Сондай-ақ киберқылмыстарды тергеудің жаңа тәсілдері енгізіліп жатыр.

Былтыр желтоқсан айынан бастап елордада«Киберпол» пилоттық жобасы жүзеге асырылып келеді. Жобаға банк, байланыс операторлары, IT компаниялар мен криптоплатформалар қатысып жатыр. Олармен ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды. Жобада қызметкерлер «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Яғни жасалған қылмыс жәбірленушіге қатысты барлық шұғыл тергеу әрекеттері бір мезгілде және бір жерде жүзеге асырылып жатыр, - деп түсіндірді Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы.

Оның айтуынша, тергеуге кететін уақыт 20-30 күннен 3-5 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік туды.

Жобаның оң нәтижесін ескере отырып, Алматы, Қарағанды және Түркістан ПД-да осындай топтар енгізілді. Енді жақында еліміздің барлық өңірінде құрылады.

Өзгелердің жаңалығы