Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Интеллектуалды әдебиет деген не?

27 Қараша 2025, 17:21
635
Бөлісу:
 Әдебиет порталы
VIDEO
Фото: Әдебиет порталы

Шығармадағы жалаң баяндау емес экзистенциялық сұрақтарға жауап іздеу – бұл интеллектуалды әдебиет. «Әдебиет порталының» «Ұлт оқитын 100 кітап» YouTube жобасының кезекті шығарылымына қонақ болған белгілі әдебиеттанушы Баян Керімбекова осындай анықтама берді.

Интеллектуалды әдебиет оқырманның санасын өсіреді. Автор оқырманның деңгейіне емес, керісінше оқырманды өз деңгейіне сүйрейді. Яғни интеллектуалды ойлар шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті мен олардың айтар сөзінен көрінеді. 

Оқырман әр ғылымның саласынан энциклопедия оқығандай ақпарат алады. Сол арқылы қалың оқырманға ізденуге түрткі болатын әдеби шығармалар – интеллектуалды әдебиет болса керек.

Интеллектуалды шығарма жазатын автордың өзі интеллектуал болу керек. Мәселен, Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс» романы осындай туынды . Шығармада автордың күй тарихы, ұлт өмірі мен дүниетанымы жөніндегі кесек тұжырымдары бейнеленген. Неге?  Себебі, қаламгер – музыкатанушы, этнограф. Бұл шығармада мистикалық элементтер бар. Жазушы шежірешіл қариялардың ғана аузында қалған күй аңыздарды қайта жаңғыртып, оқырманға ұсына білген, - деп ой түйеді әдебиеттанушы Баян Керімбекова.

«Ұлт оқитын 100 кітап» YouTube жобасындағы осы тектес ойлар туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы қарауға болады.

Өзгелердің жаңалығы