Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Инсульт алған тұрғындар вакцинаны үйлерінде алу мүмкіндігіне ие. Мамандар науқастардың үйлеріне өздері барады.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мамандарының хабарлауынша, павлодарлықтар тиісті өтінішті шұғыл желіге хабарласып, қалдыра алады.
Ауруханаға өздігінен келе алмайтын тұрғындарды да вакцинамен қамтамасыз етеміз. Инсульттен басқа диагноздары бар азаматтар да иммундау шараларын алады. Олардың қатарында семіздік, ревматоидті артрит және 3-4 деңгейдегі остеоартроз бар. Өтініш бойынша мобильді топ құрамындағы медбике, дәрігер-терапевт жұмыс істейді. Агоритм бойынша адамның жағдайы тексеріледі. Азаматтарға төрт түрлі, яғни, «Спутник V», QazVac, Hayat-Vax и CoronaVac екпелері ұсынылады. Таңдау өз еріктерінде, - дейді мамандар.
Осы күні Павлодар облысы вакциналау бойынша «қызыл» аймақта. Бүгінгі күнге дейін «Спутник V» екпесінің алғашқы компонентін 88 мыңнан астам, екінші компонентін 63 мыңнан астам тұрғын алған. Ал отандық вакцинаны 1,5 мың азамат алған. Сәйкесінше, екінші компоненті 1007 павлодарлыққа салынды. Жалпы есепте иммундық шараларға 103 мыңнан астам өңір тұрғыны қатысқан.
Айта кетейік, аймақта вакцина алғаннан кейін коронавирустық инфекцияны 50-ден астам адам жұқтырған. Мамандардың айтуынша, халықтың 60%-ы екпе алған жағдайда ұжымдық иммунитет қалыптасады. Қазіргі уақытта облыстың медициналық мекемелерінің жанында 107 екпе кабинеті жұмыс істейді.