Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Qazforum қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың форумында айтты.
Қазір интернет сайттар әмбебап ақпарат тарату құралына айналды. Бір сайттан жазба ақпаратты да, аудио хабарламаны да, бейне бағдарламаларды да табуға болады. Мысалы, мемлекеттік қолдауға ие болған e-history.kz, adebiportal.kz, el.kz, inform.kz, Baq.kz сияқты сайттар қазақ тіліндегі материалды заманауи форматтағы бейне жазбалар, аудиоподкасттар оқырмандарға қолжетімді, - деп түсіндіріп өтті Аида Балаева.
Министр форумда сөйлеген сөзінде жастар арасында сұранысқа ие қосымшалардың бірі TikTok желісі екенін айтып өтті.
e-history.kz порталы «Тиктокер тарихшы» парақшасын ашып, жастарға жеңіл, әрі еліміздің тарихын түсіндіретін ақпарат береді. Қазіргі отандық контентті қараушылар саны қарқынды түрде өсіп келеді, - деп айтты ведомство басшысы Qazforum-да.