Инфекцияның таралу тізбегін тоқтату маңызды – Гасанов

21 Наурыз 2021, 12:16
1259
Бөлісу:
Инфекцияның таралу тізбегін тоқтату маңызды – Гасанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Республикалық арнайы мониторингтік топ төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов жазды. 

Бүгіннен бастап Алматыда карантиндік шектеу шаралары күшіне енеді. Бұл - бізге ешқандай да ауыртпалық алып келмейтін, бәріміздің қолымыздан келетін шаралар.  Вирустық инфекцияның өте жылдам таралуына байланысты, біз бұл тізбекті тоқтату қажет.

Сонымен бірге, қоғам өкілі басқа қала тұрғындары сияқты оған да мерекелік шаралардан бас тартуға тура келетінін атап өтті.

Өзімнің, достарымның және олардың жақындарының денсаулығына қауіп төндіруге құқым жоқ екенін түсінемін. Менің жақындарым, әріптестерім және басқалары мемлекетімізге пандемияны ең болмағанда, осы деңгейде ұстап тұруға көмектесіп, заң бойынша өмір сүрген дұрыс екенін түсінеді, - деп атап өтті Гасанов. 

Гасанов пандемия басталғалы бір жыл өткенін еске салды. Осы кезеңде коронавирус инфекциясынан адам өлімімен аяқталған қайғылы жағдайлар да бар, олардың арасында Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Салтанат Рахымбекова және Қазақстан Азаматтық альянсының вице-президенті Мұсағали Дуамбеков те бар. 
 

Жақында біз бәріміз бірге осы жұқпалы инфекцияны жеңеміз деп үміттенемін. Ол үшін сәл шыдап, бәріміз барлық жиыннан бас тарта білуіміз керек, - деп қала тұрғындарына жүгіне отырып, жазған пост авторы ауырып жатқандардың бәрінің тезірек сауығуын және қазақстандықтардың қалыпты өмірге қайта оралуын тіледі. 
 
Алматы қаласның Бас санитар дәрігері қалада 21-28 наурыз аралығындағы кезеңде қалада қатаң шектеу шараларын енгізгенін естеріңізге саламыз. Бұл шектеулер жұқтыру механизмін, сонымен бірге жұқтыру тізбегін ажырату бойынша шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
 

Өзгелердің жаңалығы