Инфекциялық төсек-орындар жүктемесі ең көп қала – Нұр-Сұлтан

7 Сәуір 2021, 17:16
1393
Бөлісу:
Инфекциялық төсек-орындар жүктемесі ең көп қала – Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілші. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Биыл 7 сәуіріндегі жағдай бойынша КВИ-мен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету үшін республикада 29 189 төсек-орын қоры бар 276 инфекциялық стационар жұмылдырылды. Инфекциялық стационарлардың жұмыспен қамтылуы 36%-ды, реанимациялық стационарлардың жұмыспен қамтылуы 23%-ды құрайды. Инфекциялық төсек-орындардың ең көп жүктемесі Нұр-Сұлтан қаласында (71%), Батыс Қазақстан облысында (68%), Алматы облысында (57%), Алматы қаласында (51%) байқалады, - деді министр.
Оның айтуынша, министрлік әр өңірдегі медициналық ұйым деңгейінде төсек-орын қорының жұмыспен қамтылуына мониторинг жүргізудің электрондық жүйесін әзірледі.
Мұндай жүйе жағдайға уақытылы назар аударып, қосымша стационарларды дәл уақытында жасақтауға мүмкіндік береді.
Өңірлерде инфекциялық төсек-орындарды өрістету жоспары бар, жұмыс істеп тұрған инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-ға жеткенде инфекциялық төсек-орындардың резерві 51 мыңнан 60 мыңға дейін ұлғайтылды, резервтік объектілер тартылатын болады, бұл ретте жоспарлы мамандандырылған медициналық көмек көрсету жалғасады, - деді Цой.

Министр бұған дейін Қазақстан бір аптадан бері «қызыл» аймақта тұрғанын мәлімдеген еді.

Өзгелердің жаңалығы