Индустрия министрлігі 4%-дық жеңілдетілген несие беруге қатысты жалған ақпараттарға жауап берді

24 Ақпан 2022, 12:44
2062
Бөлісу:
Индустрия министрлігі 4%-дық жеңілдетілген несие беруге қатысты жалған ақпараттарға жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев хабарлады. 

Оның айтуынша, жеңілдетілген несие берудің төңірегінде көптеген жаңсақ пікірлер таралуда. 

Кеше 4%-дық жеңілдетілген несие беру туралы сөз қозғалды. Енді «Ол белгілі бір модельдерге ғана беріледі екен, өйткені олардың сомасы 10 млн теңгеден аспайды» деген жалған ақпарат таралып жатыр. Ол көліктің құнына байланысты емес, берілетін несиеге байланысты. Яғни 10 млн теңгеге  дейін несие беріледі. Егер көліктің құны сол сомаға сәйкесетін болса, емін-еркін ала аласыз. Ал егер алып жатқан көлігіңіздің құны одан қымбат болса, одан асып тұрған соманы өз қалтаңыздан төлейсіз, - деп түсіндірді вице-министр. 

Сонымен қатар ол несие қандай көліктерге берілмейтінін айтты. 

2-3 қана модельге беріледі екен деген әңгіме де қауесет. Барлық үлгідегі көлікке (несие) беріледі. Тек қана ең қымбат модельдерге берілмейді. 25 млн-ға машина сатып алатын жағдайы бар кісілер өз қаражатына алсын деген ұғым. Бұл халыққа пайдалы болсын, несиемен көлік алғысы  келгендерге  мүмкіндік берейік деген оймен жасалып отыр, - деді Марат Қарабаев. 

Өзгелердің жаңалығы