"Индустриалды Ертіс": Халықаралық экспедицияның қорытындылары жарияланды

31 Мамыр 2024, 10:36
479
Бөлісу:
"Индустриалды Ертіс": Халықаралық экспедицияның  қорытындылары жарияланды
Фото: автордан

Елордада "Индустриалды Ертіс" халықаралық ғылыми зерттеу экспедициясының қорытынды баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Зерттеушілер экспедицияны Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығы мен И.Менделеевтің 190 жылдығына арнады.

"Индустриалды Ертіс": Халықаралық экспедицияның  қорытындылары жарияланды

“Индустриалды Ертіс” экспедициясының негізгі мақсаты - бірнеше мемлекетті байланыстырып тұрған Ертіс өзенін зерттеу. Зерттеушілердң айтуынша, ол өзен маңызды ресурс көзі ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіп саласының қарқынды дамуына байланысты ерекше қорғауды да қажет етеді.

Экспедицияның мақсаты - Ертістің феноменің, тарихын, индустриалды, этнографикасын зерттеу. Себебі, ауқымды, ұзын өзен, үш мемлекет арқылы, яғни Ресей, Қазақстан және Қытайдан өтеді. Оның бастамасы Қытай тауларынан, Моңғолиядан, кейін осы Қазақстан жерінен, соңғысы Ресейдің Ханты-Мансийк қаласынан өтеді. Осы экспедицияға мен 10 мамырда Павлодар қаласынан қосылдым. Біз Ақсу, Курчатов, Семей, Өскемен, Зайсан қалаларын араладық. Кейін сол жақта орналасқан өндірістік ошақ орындарын, зауыт, фабрикаларына, тарихи өлкетану музейлеріне беталып, жалпы Ертіс өзенінде орналасқан өңірлердің тарихын зерттедік. Әрі қарай біз Зайсан, Жеменей, Көктоғайдағы соңғы нүктеміз геопаркқа аттандық, - деп мәлімдеді Ұлттық музейдің ғылыми қызметкері Серік Әбдірахманов.

"Индустриалды Ертіс": Халықаралық экспедицияның  қорытындылары жарияланды

Жобаның негізгі нәтижелері ретінде Ханты-Мансийскте, Ресейдің басқа қалалары мен Қазақстандағы тақырыптық көрмелер, Ертістің интерактивті мультимедиялық картасы, ғылыми-танымал фильм, халықаралық білім беру онлайн-ресурсы, халықаралық форум және ғылыми-танымал кітап болатыны белгілі болды.

"Индустриалды Ертіс": Халықаралық экспедицияның  қорытындылары жарияланды

Халықаралық экспедиция үш мемлекеттің – Ресей Федерациясының, Қазақстан мен Қытайдың аумағында өтті. Ертіс өзенінің бойымен «Ханты-Мансийск–Кектокай» бағыты бойынша ғылыми экспедиция барысында экспедиция қатысушылары негізгі өнеркәсіптік қалаларға, елдердің индустриялық және тарихи-мәдени нысандарына барды.

Бұл жобаға қатысу біз үшін үлкен мәртебе және тәжірибе. Осындай зерттеулерге ешқандай қиындыққа мән бермей қатысуға кеңес беремін. Жай ғана көрікті жерлерді көріп қана қоймай, дүниетанымыңызды кеңейтіп, біліміңізді шыңдауға мүмкіндік аласыз, - деп айтты Югорск мемлекеттік университетінің студенті.

"Индустриалды Ертіс": Халықаралық экспедицияның  қорытындылары жарияланды

Баспасөз конференциясының соңында ҚР Ұлттық музей директорының ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары Ақмарал Ибраева мен Ресейдің Табиғат және Адам музейінің директоры Иван Яшков бірлескен келісімге қол қойды.

Эльнура Бисенғали

Өзгелердің жаңалығы