Индонезияның Суматра аралында муссондық жаңбыр мен сирек кездесетін тропикалық дауылдан кейін болған жаппай су тасқыны мен көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 708-ге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Апаттан шамамен 3,2 миллион адам зардап шеккен, 2,6 мың адам жарақат алды, ал қауіп аймақтарынан 1 миллионға жуық тұрғын эвакуацияланды. Жолдар мен көпірлердің зақымдануы құтқару жұмыстарына кедергі келтіруде, кей аудандарға жету мүмкін болмай тұр.
Ең көп зардап шеккен Ачех провинциясында негізгі азық-түлік таусылып, бағалары үш есе қымбаттаған. Гуманитарлық ұйымдар жеткізілімдер алдағы жеті күнде қалпына келмесе, аймақта азық-түлік тапшылығы туындайтынын ескертеді.
Су тасқыны Шри-Ланка мен Оңтүстік Таиландқа да әсер етіп, онда 1,3 мыңнан астам адам зардап шекті. 1 желтоқсандағы есеп бойынша, Суматрадағы апатта 593 адам қаза тауып, 468 адам хабар-ошарсыз кеткен. Батыс Суматрадағы үш провинциядан 578 мыңнан астам адам эвакуацияланды, 3,5 мың ғимарат зақымданды.