Индонезияда болған көшкін салдарынан 7 адам қаза тауып, 80-нен астам адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Reuters агенттігінің Индонезияның Табиғи апаттардың салдарын жою жөніндегі ұлттық агенттігіне сілтеме жасап таратқан мәліметіне сәйкес, көшкін Батыс Ява провинциясындағы Батыс Бандунг ауданында болған
Қазіргі уақытта оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда, билік жағдайды бақылауға алып, шығын көлемін нақтылауда.