Индонезияда жер сілкінісі болды

Индонезияның Ява аралының солтүстік жағалауында магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Риа Новостиге сілтеме жасап.

14 Сәуір 2023 2023, 21:15
АВТОР
 Егемен Қазақстан 14 Сәуір 2023 2023, 21:15
14 Сәуір 2023 2023, 21:15
1109
Фото: Егемен Қазақстан

Индонезияның Ява аралының солтүстік жағалауында магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Риа Новостиге сілтеме жасап.

Мұндай мәліметті Индонезияның метеорология, климатология және геофизика агенттігі (BMKG) жариялады.

Ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі Тубан-Джатим қаласынан солтүстік-батысқа қарай 68 шақырым жерде болған.

Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 16.55-те болды, тереңдігі 632 шақырымды құрады, - делінген ведомствоның Twitter-дегі парақшасында.

Құрбандар мен қираған ғимараттар туралы мәлімет жоқ. Сейсмологтардың айтуынша, цунами ықтималдығы жоқ, бірақ жер сілкінісі мен афтер сілкінісі болуы мүмкін.

Наверх