Индонезияның Шығыс Ява провинциясындағы Сидоарджо қаласында құтқарушылар "Аль-Хозини" ислам мектебінің ғимараты құлағаннан кейін 50 адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі CGTN-ге сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар агенттігі (BNPB) мәлім еткендей, үйінді астында тағы 13 адам болуы мүмкін.
Ғимараттың жоғарғы қабаттарында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан кезде ол опырылып түскен. Негізгі іргетас қосымша салмаққа шыдамай құлаған.
Құтқарушылар 50 адамның мәйітінен бөлек, адам сүйектерінің қалдықтарын да тапқан. Бұл жалпы қаза тапқандар санын 54-ке дейін арттыруы мүмкін. Іздеу-құтқару операциясы 6 қазан күні кешке аяқталады деп жоспарланып отыр.
Бұл биыл Индонезияда болған ең ірі апат. Табиғи да техногендік сипаттағы өзге ешбір оқиға мұншалық адам өмірін қимаған, – деді BNPB басшысының орынбасары Буди Иравана.
Дін істері министрлігінің мәліметінше, онда шамамен 42 мың исламдық пансион-мектеп жұмыс істейді. Алайда олардың тек шамамен 50-інде ғана ресми құрылысқа рұқсат бар.
"Аль-Хозини" мектебі сол рұқсат алғандардың қатарына кіре ме, әзірге белгісіз.
Еске салайық, бұған дейін Индонезияда мектеп ғимараты опырылып, 14 адам қаза тапқанын хабарладық.