Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Индонезияда Испаниядан барған бір отбасы із-түзсіз жоғалып кетті

Бүгiн, 21:00
188
Бөлісу:
 Antara
Фото: Antara

Индонезияда туристік қайықтың апатқа ұшырауынан кейін із-түзсіз жоғалған Испаниядан келген бір отбасының төрт мүшесін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Antara агенттігінің мәліметінше, қайық бортында барлығы 11 адам болған. Оқиға салдарынан жеті жолаушы құтқарылған, ал Испаниядан келген бір отбасының төрт мүшесінің тағдыры әлі белгісіз.

Туристік қайық Падар аралы маңындағы бұғазда, танымал курорттық бағыт саналатын Лабуан-Баджоға жақын жерде аударылған. Алдын ала ақпарат бойынша, апатқа қолайсыз ауа райы, атап айтқанда қатты жел мен биік толқындар себеп болған.

Іздеу-құтқару операциясына төтенше жағдайлар қызметі мен жағалау күзетінің мамандары тартылған. Билік өкілдері кеме қатынасы компаниялары мен туристерді қауіпсіздік талаптарын сақтауға және өңірдегі дауылды ескертулерді ескеруге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы