Индонезияда 5,5 балдық жер сілкінісі болды

Индонезияда магнитудасы 5,5 балды құрайтын жер сілкінісі тіркелді.

 istockphoto.com 21 Сәуір 2025 2025, 06:24
21 Сәуір 2025 2025, 06:24
1522
Фото: istockphoto.com

Индонезияда магнитудасы 5,5 балды құрайтын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына (EMSC) сілтеме жасап.

Сейсмикалық белсенділік Соронг қаласынан оңтүстікке қарай 295 шақырым қашықтықта, жердің 34 шақырым тереңдігінде орын алған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қиратулар тіркелмеген.

Индонезия – Тынық мұхиттың "Отты белдеуі" деп аталатын сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан ел, мұнда жер сілкінісі жиі болып тұрады.

Наверх