Индонезияның Солтүстік Сулавеси провинциясында 280-ге жуық жолаушысы бар жолаушылар паромы отқа оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға «Барселона» паромы Манадо қаласына бағыт алып келе жатқан кезде, жағалаудан шамамен 60 шақырым қашықтықта болған. Бұл туралы Солтүстік Сулавеси өңірінің іздестіру-құтқару агенттігі (SAR) хабарлады.
Синьхуа агенттігінің дерегінше, үш адам қаза тауып, шамамен 150 адам құтқарылған. Қалған жолаушылардың нақты саны мен тізімі әлі жарияланған жоқ.
Өрт шыққан «Барселона» паромы – провинциядағы ең жүктемелі теңіз бағыттарының бірін қамтамасыз ететін көлік құралы. Қазір Манадо қаласындағы портта аман қалғандарға көмек көрсету үшін уақытша паналау орны ұйымдастырылған.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Ресми органдар құтқару жұмыстарын жалғастыруда.