Жыл сайын елімізде 4,5 млн тонна қоқыс шығарылады

19 Мамыр 2022, 11:03
1965
Бөлісу:
Жыл сайын елімізде 4,5 млн тонна қоқыс шығарылады
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Қазақстанның экологиялық ұйымдарының  менеджері Дамир Ауетаев StopMusor эко-кампаниясы аясында жастар мен елорда белсенділері үшін ұйымдастырылған ақпараттық-оқыту алаңында айтты.

Бүгінгі таңда қоршаған ортаны қорғаудың басты мәселесі - тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу болып отыр. Бүгінгі таңда елдің әрбір тұрғыны жыл сайын 280-330 мың кг қалдық қалдырады. ТҚҚ-ның басым бөлігі қалалық полигондарда, қоқыс алаңдарында жиналады. Олардың 97 пайызы қоршаған ортаны қорғау заңының талаптарына сай келмейді. Жыл сайын елімізде 4,5 млн тонна қатты тұрмыстық қалдық қалады. Оның аз мөлшері ғана қайта өңдеуге жатады,- деді ол.

Жыл сайын елімізде 4,5 млн тонна қоқыс шығарылады

Ауетаевтың айтуынша, қалған қалдық санкцияланбаған қоқыс алаңдарында жатады.

2035 жылға таман қалдық 8 млн тоннаға жетуі мүмкін,- деді ол.

Іс-шара экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрмыстық қалдықтарды жауапкершілікпен кәдеге жарату, сондай-ақ World clean up day дүниежүзілік акциясы аясында еріктілерді даярлау мақсатында өткізілді.

Өзгелердің жаңалығы